ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден берілді
Шартты сурет
Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мемлекет тарапынан бір жарым миллион теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек берілді.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында ШҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайрғазинов айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған облыс тұрғындары да 100 мың теңгеге ие болды. Аймақта бұл санаттағы 113 адам бар.
Ал наградталмаған 5601 адамға мереке құрметіне 50 мың теңгеден төленді.
Досхан Қайрғазиновтың айтуынша, мерекеге орай бюджеттен төленетін төлемдердің жалпы сомасы 530 миллион теңгеден асады.