Ресейдегі жағдайға қатысты елге оралғысы келгендер болды – СІМ
Сурет: massaget.kz
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтарының Ресейдегі жағдайға байланысты елге оралуына қатысты түсініктеме берді.
Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында Айбек Смадияровқа баспасөз өкілдері тарапынан «Ресейдегі соңғы күндергі жағдайға байланысты елге ораламын деген азаматтар немесе студенттер болды ма?» деген сауал қойылды.
«Ресейдегі жағдай бойынша елге келемін деген студенттер болды. Соңғы 2-3 күн ішінде «Азаматтарымызды неліктен эвакуция жасамайсыздар? деген көп сұрақтар болды. Айтайын дегенім, екі ел арасындағы шекара ашық, Ресейде соғыс жарияланған жоқ. Әуе қатынасы да қалпында, пойыздар мен көліктер жүріп жатыр. Сондықтан әр адамның өз еркі. Азаматтарымызды эвакуациялайтын жағдай емес», – деп жауап берді Айбек Смадияров.