KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

Ресейде оқып жүрген қазақстандық студенттер көрші елге кіре алмайды

8.08.2020, 09:05 192

Ресейде оқып жүрген қазақстандық студенттер көрші елге уақытша кіре алмайды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мәлімдеді.

Коронавирус пандемиясына байланысты эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қазақстандықтардың, оның ішінде студенттердің Ресейге кіруі уақытша тоқтатылды.

"Елшілік студенттер мәселесін ерекше бақылауда ұстап, Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Келесі аптада жауап алуымыз мүмкін, бұл туралы ресурстарымызда жедел хабарлаймыз. Жаңалықтарды қадағалап отырығыздар. Туындаған ыңғайсыз жағдайға түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды және үрейге бой алдырмауды сұраймыз. Мұндай штаттан тыс жағдайлар пандемияға байланысты әлемнің көптеген елінде қалыптасты", - деп хабарлады елшіліктегілер.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу