KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына мердігерлік ұйымдардың 200 маманы жұмылдырылды

Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

14.07.2023, 13:47 274 Ләззат Қанатқызы

14 шілде күні Энергетика министрі жылу беру кезеңіне дайындық жөніндегі үйлестіру штабының отырысын өткізу мақсатында Риддер ЖЭО-сына жұмыс сапарымен келді.

ЖЭО-да барлығы 6 қазандық және 4 турбина орнатылған. Ағымдағы жылы барлық 6 қазандықты жөндеу жұмыстары ұйымдастырылып, 8 мердігер және 3 жобалық ұйым тартылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазандықтарды жөндеуден басқа, бүгінгі күні отын беру, бойлерлерді күрделі жөндеу, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кесте бойынша №1, 2, 4 қазандықтарды жөндеудің аяқталу мерзімі 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін, №3, 6 қазандықтар 2023 жылғы 15 қазанға дейін, №5 қазандық 2023 жылғы 15 қарашаға дейін.

Станцияға мердігерлік ұйымдардың 200-ге жуық маманы жұмылдырылды.  

Министрлік Үкіметпен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге Үкімет резервінен 8,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу мәселелерін шешті. 

Министр жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігін ескертті. Сонымен қатар багерлік сорғы, турбиналық цех, мазут сорғы жөндеумен қамтылмаған. Күл үйіндісі бойынша шешімді жеделдету қажет.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу