KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 2,1 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

ШҚО-дағы ЖЭО-ның дайындығы 32%-ды құрайды

Фото: ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

14.07.2023, 12:55 268 Ләззат Қанатқызы

14 шілде күні ҚР энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ШҚО тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде ағымдағы күні облыстың ішкі тұтыну көлемі 3,9 млрд кВтсағ. кезінде өңірде электр энергиясын өндіру көлемі 3,4 млрд кВтсағ. құрағанын хабарлады.

Өңірдің электр желілерінің жалпы ұзындығы 21 мың км-дан асады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Белгіленген тарифтер халық үшін – 13,948 тг/кВтсағ, заңды тұлғалар үшін – 23,554 тг/кВтсағ, бюджеттік ұйымдар үшін – 42,158 тг/кВтсағ.

Алмасадам Сәтқалиев өз баяндамасында бүгінгі таңда өңірдің ЖЭО дайындығы 32%-ды құрайтынын атап өтті. ГЭС-те жөндеу жұмыстары 64%-ға орындалды. 165 км электр желілерін немесе жоспардың 30% күрделі жөндеу аяқталды.

Жылу желілерін техникалық тексеру Өскемен, Риддер және Шемонаиха қалалары бойынша аяқталды.

Энергетикалық ведомство басшысы Риддер ЖЭО-да жөндеу науқанының барысы туралы жеке тоқталды.

Қаржы министрлігімен және облыстық әкімдікпен бірлесіп Үкімет резервінен қаражат бөлу тетігі пысықталды. Жөндеу бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларға мемлекеттік сараптамалар алынды. Жөндеу жұмыстарының жалпы сомасы – 8,3 млрд теңге.

Бұл ретте, Риддер ЖЭО жөндеу жұмыстарына 8 мердігер ұйым тартылды.

Риддер ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін кесте бойынша аяқтау жоспарлануда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу