KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
518.14 537.57 5.27

Өскемендіктер интернетсіз қалды

Фото: cryptouncos.com

2.08.2023, 18:05 206 Оразай Жеңісұлы

Өскемен мен қала маңындағы елді мекендерде 16,5 мың адам интернетсіз қалды.

"Қазақтелеком" оқиғаның мән-жайын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

"Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің трассасында жоғары вольтты электр желісі тұйықталып, өрт болды. Соның салдарынан "Қазақтелеком" АҚ кабелі зақымдалды", – деді "Қазақтелеком" мамандары.

Өскемендегі ЖМК ықшам ауданында, Меновное және Ахмер ауылдары, Таврия және Герасимовка ауылдары және Риддер қаласының 16 437 абоненті интернетсіз қалды. "Қазақтелеком" АҚ жедел-құтқару жасақтары зақымданған аумақты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу