Фермерлер үшін дизель отынының бағасы төмендетілді
Фото: orda.kz
ҚазМұнайГаз Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау мақсатында күзгі дала жұмыстарының қарсаңында қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынының бағасын төмендетті.
Қазіргі уақытта дизель отынының бағасы 238 теңгеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі ҚазМұнайГаз компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Егін жинау науқанында Энергетика министрлігінің мақұлдауымен 2023 жылға арналған облыстарды ҚР мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, жалпы көлемі 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын тасымалдау көзделген. Бұл ретте шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қажеттілігіне 90 мың тонна дизель отыны жеткізілді. Осылайша, фермерлердің дизель отынына берген өтініші толығымен орындалды.