KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 5 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Облыстық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

23.08.2023, 15:03 269 Оразай Жеңісұлы

Облыс әкімі Ермек Көшербаев медицина саласының мамандарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлеген Жігітаевты таныстырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Төлеген Хайруллаұлы 1975 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, кейінірек хирургия курсы бойынша білімін шыңдаған.

2019 жылы Ұлыбританияда «Денсаулық сақтау менеджменті» циклі бойынша оқудан өтті. Облыстық ауруханада хирург, эндоваскулярлық хирургия және интервенциялық кардиология бөлімдерінің меңгерушісі, бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары, содан кейін бас дәрігер болып жұмыс істеді.

Облыс әкімі кездесуде денсаулық сақтау мәселелері әрқашан жіті бақылауда болатынын атап өтті. Шығыс Қазақстан – бүгінде медициналық қызмет көрсету, ауруханалар мен емханаларды жабдықтауға келгенде еліміздегі жетекші өңірлердің бірі. Өңірде денсаулық сақтауды дамытудың кешенді бағдарламасы жалғаса береді.

Өңір басшысы Ермек Көшербаев Төлеген Жігітаевқа кәсіби маман ғана емес, денсаулық сақтау жүйесінің даму тенденцияларын білетін, заманауи технологияларды қолданысқа енгізе білетін озық басшы болуды тапсырды.

«Сіз ауылдардағы медициналық пункттерден бастап орталық емханалардағы қызметкерлер мен пациенттердің мәселелерін, өтініш-тілегін білуіңіз керек», – деді облыс әкімі.

Сөз соңында өңір басшысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Гүлмира Сағидуллинаға осы уақытқа дейін атқарған жұмысы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ маманның облыстық онкология және хирургия көпсалалы орталығының директоры ретінде аталмыш салаға серпін беруге бар күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив