Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, түнде республиканың солтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, сондай-ақ жел күшейеді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Қазақстанның қалған бөлігінде ауа райы ашық болады деп күтіліп отыр. 18-19 қазанда елдің солтүстігінде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) жауады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.
"Түнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 0-10 градус жылыны, солтүстік жартысында, оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градус аязды көрсетеді. Күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп 10-18 градустан 5-15 градусқа дейін төмендейді, тек елдің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында термометр бағандары біртіндеп көтеріледі: шығыста 5-15 градустан 10-18 градус жылыға дейін, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 10-22 градустан 15-25 градусқа дейін көтеріледі", – делінген хабарламада.