KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
488.11 530.09 5.01

Зайсанда компьютерлік томография аппараты іске қосылады 

22.11.2023, 09:00 132 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданы алдағы уақытта жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету орталықтарының біріне айналмақ. 
Бұл туралы Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жыл басында ауданға 465 млн. теңге қаржы бөлініп, компютерлік томмография сатып алынған. Қазіргі уақытта құрылғыны орнататын орын дайындалып жатыр. 

- Жақын аудандарда мұндай аппарат жоқ. Сол себепті Күршім, Марқакөл, Тарбағатай аудандарының тұрғындары да осында келіп тексеріле алады. Компютерлік томмография арқылы Зайсан ауданы жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсету орталықтарының біріне айналатынына сенімдімін, - деп атап өтті аудан әкімі.

Қазіргі күні аталмыш ауданда денсаулық сақтау саласын айтарлықтай дамыту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, биыл аудандық ауруханада және алты медициналық нысанда 610 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген. 
Ал, келесі жылы бірқатар ауылдарда медициналық пункт және Зайсан қаласында емхана салу жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив