KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

ШҚО-да «ковид» жұқтырған науқастар КТ тексерістен өтуге міндетті

3.11.2020, 07:51 81

Соңғы уақытта пациенттер тарапынан КТ-тексерістен өту қиынға соққаны туралы наразылық жиілеген.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы коронавируспен ауырып жатқан науқастар үшін КТ-тексерістен өту бойынша арнайы бұйрық шығарылғанын айтады.

Осылайша енді 1 қарашадан бастап КТ-тексеріс Өскемен қаласында екі медициналық мекемеде - Онкология және хирургия орталығы мен Ана мен бала орталығында жүргізіледі.

Компьютерлік  томографияға науқас учаскелік терапевтің жолдауы бойынша белгілі бір күн, уақытта ғана бара алады.

ШҚО көпсалалы Онкология және хирургия орталығында КТ тексерісті Өскемен (ЖМК мен Солжағалау аудандары тұрғындарынан басқа), Риддер қаласының, Шемонаиха, Ұлан және Глубокое аудандарының тұрғындары өте алады.

Ал Ана мен бала орталығында ЖМК мен Солжағалау ауданының тұрғындары, Көкпекті, Зайсан, Тарбағатай аудандарының тұрғындарын қабылдайды.

Алтай қаласының аудандық орталық ауруханасынан КТ-тексерістен Алтай, Зайсан қалалары мен Катонқарағай, Күршім аудандарының тұрғындары өтеді.

- Техника болған соң ақаулар да болып тұрады, осы себепті 2 КТ істен шықты. Сол кезде кезек болып қалған болар. Ал негізінен қазір қарашаның екінші онкүндігінен бастап облыс орталығындағы емдеу-алдын алу мекемелеріне тағы да үш компьютерлік томография қою жоспарланған. Олар әкелінсе, Өскеменде осылайша 8 медициналық жабдық тұрғындарға қызмет ететін болады, - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а Райфа Сафиоллақызы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу