KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Тарбағатай ауданында медициналық туризмді дамытпақ

Фото: egemen.kz

28.09.2023, 10:48 191 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданының әкімдігі денсаулық сақтау саласын жақсартуға баса назар аударып, медициналық туризмді дамытуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Жақын арада аудандық ауруханаға КТ аппаратын сатып алмақпыз. Осылайша, біз өзіміздің ғана емес, жақын маңдағы аудандардың тұрғындарына қызмет көрсетіп, медициналық туризмді дамытамыз. Қазірдің өзінде аудандық аурухананың хирургтары пациенттерді облыс орталығына жібермей, көптеген күрделі оталарды өздері жасайды. Биыл алғаш рет анестезиямен фиброколоноскопиялық зерттеулер де жүргізілді, - деді Дархан Шомпайұлы.

Сонымен қатар аудандағы дәрігерлер жиі біліктілігін арттырып отыратынын атап өтті. Мәселен, жақында акушер-гинеколог Семейде жатыр мойны ауруларына клиникалық кольпоскопия жасау бойынша біліктілігін арттырған. Ал қазір бұл медициналық қызмет түрі аудандық ауруханада көрсетілетін көрінеді.

- Перзентхана бөлімін де жаңа деңгейге шығару жоспарда бар. Ол үшін қазіргі таңда медициналық жабдықтар сатып алынып, дәрігерлер біліктілігін арттыру үшін шетелге кетті, аурухана ғимаратында да жөндеу жұмыстары басталған, - дейді аудан әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу