Зайсанда 42 пәтердің құрылысы жүріп жатыр
Зайсан ауданы бойынша үстіміздегі он айда 7475 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Зайсан ауданының әкімі Аэлита Ахметсәлімқызы айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
-Көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салу ауылдарда да басталып, қазір 42 пәтердің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы Зайсан қаласындағы жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік желілер тартылды, - дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ Зайсан қаласында 300 орындық мектеп құрылысы да басталған.
-Келесі жылы да бірқатар құрылыс жұмыстары жоспарлап отырмыз. Жарсу мектебінде спорт корпусы мен медициналық пункт салынады. Сондай-ақ Қаратал, Сарыжыра, Жаңатұрмыс ауылдарында да медициналық мекемелердің құрылысы басталады, - деп атап өтті Аэлита Ахметсәлімқызы.
Оқи отырыңыз