KZ
Өскемен
-18°
плотный туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Бұқтырма өзенінің түсі неге өзгерді?

23.11.2023, 16:06 244

Әлеуметтік желілерде Алтай ауданындағы Бұқтырма өзенінің суы жасыл түске боялғаны туралы ақпарат тараған. 


Мамандардың айтуынша, бұл күз кезінде болатын қалыпты құбылыс, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты. 


ШҚО бойынша экология департаменті әлеуметтік желілерде жүргізген мониторинг нәтижесінде Бұқтырма өзенінің суы жасыл түске боялғанын баяндаған видео-роликті анықтады және бұл жағдай қоғамның наразылығын туғызған.


Мамандар мұндай табиғи құбылыс көктемде қар ерігенде және таулы аймақтарда жауын-шашын көп жауғанда (әдетте күз айларында) болатынын айтып отыр. Өзеннің жасыл түске боялуы судағы өсімдіктер биомассасымен араласып, қанығуынан туындайтын көрінеді.   


Айта кетейік, осы жағдайға байланысты экология департаменті Бұқтырма өзенінің ластану, ластанбауын анықтау үшін жоспардан тыс экологиялық тексеру жүргізуге кірісті. Тексеру нәтижесі бойынша алдағы уақытта қосымша ақпарат ұсынамыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу