KZ
Өскемен
-21°
плотный туман Штиль
505.15 550.31 5.89

Өскемен: Жерде ақ түсті сұйық қалдықтар пайда болуына байланысты тексеру жүргізілді

Видеодан скринделген сурет

23.08.2023, 20:02 301 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында жердің ақ түске боялуына қатысты тексеру жүргізілді.

Әлеуметтік желіде «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ құбырының жарылып, салдарынан жердің ақ түске боялғаны жайлы видео тараған болатын, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ШҚО экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-ның қалдық жинағышы құбырының бір бөлігі жарылып, сол күні бірден қалыпқа келтірілген көрінеді.

- Одан төгілген сұйықтықтың аппақ түсті болуы оның құрамында ауыр металдарды бейтараптандыратын әкті сүттің қосылуына байланысты. Суды тазартудың бұл технологиясы барлық металлургиялық зауыттарда қолданылады, - дейді ШҚО экология департаменті.

Қазіргі уақытта учаскеде аумақты тазарту жұмыстары аяқталған. Қоршаған ортаға ешқандай залал келтірілген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу