Өскеменде жартылай фабрикаттар өндірісі іске қосылады
Келер жылы Өскеменде еттен жасалған жартылай фабрикаттар өндірісі іске қосылады.
Бірыңғай Индустрияландыру картасы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылы 223,6 млрд теңгеге 6 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Соның бірі – «Sunrise VEM» ЖШС, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Өскемен қаласында жүзеге асырылатын бұл жоба бойынша бірінші кезеңде құны 213 млн теңге болатын Азық-түлік өнімдерін (еттен жасалған жартылай фабрикаттар) өндіретін және көтерме-бөлшек сауда бағытындағы көпфункционалды кешен іске қосылмақ.
– Отандық өндірісті дамытуға бағытталған осындай жобалар дұрыс жолға қойылып, жүзеге асырылуы үшін қала, аудан әкімдіктері мен басқармалар арасында байланысты нығайту керек. Азық-түлік тауарлары мен тұтыну балансы болу қажет. Мұндай статистиканы әзірге Өскемен қаласы мен Глубокое ауданы ғана берді. Жұмыспен қамту, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы басқармалары өзара іс-қимыл жоспарын құрып, байланыс орнатуға тиіс, - деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.
Автор: Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз