Қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды
Фото: quote.rbc.ru
Атырауда QazHome тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды.
Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелеген, - деп хабарлайды Altaynews сайты ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.
"Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды. Соталды тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңгеден асатыны анықталды", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, QazHome тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Құрметті азаматтар! Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта "Baiqa, piramida!" телеграм боты жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚМА сайтында қаржы пирамидалар тізімі жарияланды. Сақ болыңыз және жинақтарыңызды күмәнді қаржылық ұйымдарға салмаңыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз
Шығысқазақстандықтар қаржы пирамидасына 350 миллион теңгеден астам қаражат салғанШҚО-да "Eolus" қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатырШҚО тұрғыны 151 миллион теңгеге дизель отынын заңсыз сатқанҚазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталдыШҚО-да сот сараптамасы орталығының басшысы марқұмдардың туыстарынан пара алғаны үшін сотталды