KZ
Өскемен
-7°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

ШҚО-да сот сараптамасы орталығының басшысы марқұмдардың туыстарынан пара алғаны үшін сотталды

18.08.2021, 17:00 209

Шығыс Қазақстан облысында сот сараптамасы орталығының басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол пара алғаны үшін сотталды.

Астана телеарнасының хабарлауынша, сотталушы қайтыс болғандардың туыстарына сараптаманы жедел жасау қызметін ұсынып, пара алған. Телеарна ақпаратына сәйкес, орталық басшысы бұл қызметі үшін 128 мың теңге сұраған. Сондай-ақ, ол марқұмды жууға және киіндіруге көмектескені үшін ақша алған. Сонымен қатар, сотталушы бұл әрекеттерге тағы 4 санитарды тартқаны хабарланып отыр. Бір жыл ішінде олар 1,5 миллион теңге тапқан. Айыпталушыларға қатысты сот үкімі Өскемен қаласының №2 сотында үкім оқылды.

"Сот үкімімен сот сараптамасы орталығының басшысы және оған осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға көмектескен 4 адам кінәлі деп танылып, сотталды. Орталық басшысына көмектескен 4 адамның әрқайсысының бір жылға бас бостандығы шектелді. Ал сараптама орталығының басшысының өзі қылмыстық заңбұзушылықтардың жиынтығы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды", – дейді Өскемен қаласы №2 сотының төрағасының міндетін атқарушы Тельман Әлімханов. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу