KZ
Өскемен
-10°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

24.08.2020, 21:40 217

Қарағанды облысында қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысындағы Экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері 30 шілдеде қаржы (инвестициялық) пирамидасын анықтағанын хабарлады.

"Қылмыстық жүйе біреудің салған салымынан басқа қатысушылардың ақшасы көбейіп отырған. Жеке тұлғалардың қаржысы арқылы азаматтардың табысын тұтынушы кооператив есебіне аударып отырған. Кіру сомасы – 180 мың теңге", – деп мәлімдеді ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 217-бабының 1-бөлігіне сәйкес (“Қаржы пирамидасын құру және басқару”) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу