KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

ШҚО-да "Eolus" қаржы пирамидасына қатысты іс тергеліп жатыр

шартты сурет

9.11.2023, 11:04 229 Оразай Жеңісұлы

Еліміздің 10 өңірінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты іс тергеліп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің деректеріне сүйенсек, қылмыстық іс Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.

«Ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ын бір азаматтың атына тіркеп, арқылы оны қылмыстық іс-әрекетке тартқан. Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5% - ға дейін пайда алатын болған. Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4% төленеді. Осылайша, жылдық сыйақы сомасы 3000% құрады», - деп жазылған хабарламада.

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдаған, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізген. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады.

Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив