Өскемендік қорғаныс басқармасының қызметкері пара алды деген күдікке ілінді
Фото: Абзалбекова Анель
Өскемен қаласы қорғаныс басқармасының бөлім басшысы әскерге шақырылғандардың әскери қызмет мерзімін шегеру үшін азаматтардан бірнеше рет пара алды деген күдікке ілініп, оған қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.
Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов ведомоствода өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы жасақтау бөлімінің басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Ол әскерге шақырылғандардан әскери мерзімді кейінге қалдырғаны үшін бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді», –деді брифингте Арман Тілеукенов.
Жанаргүл Мұқатай
Оқи отырыңыз
ШҚО-да шенеунік пара алды деген күдікке іліндіШҚО-да жемқорлық бойынша тағы да басшылар сотталдыШҚО-да Қорғаныс министрлігі гарнизонының лауазымды тұлғалары сотталдыШҚО-да 700 мың теңге парамен ұсталған шенеунікке айыппұл салындыАктіге қол қойғаны үшін 2 млн теңге. ШҚО-да филиал директоры тергеліп жатыр