KZ
Өскемен
-13°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Президент министрлер мен әкімдердің "құр сылтауы" туралы айтты

Фото: Ақорда

7.02.2024, 15:11 152 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында қажет болса, министр де, әкім де кез келген мәселені шұғыл шеше алатынын айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының айтуынша, медициналық көмектің бірыңғай топтамасын қалыптастыру қажет.

"Мемлекет кепілдік беретін медициналық қызмет оның базалық бөлігі болуға тиіс. Келесі бөлігі жұмыс берушілер мен азаматтардың жарналарынан құралатын сақтандыру қаражаты есебінен жасақталуы керек. Жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттырған жөн", - деді Тоқаев.

Әлеуметтік жағынан осал топтағы кейбір азаматтар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне аударылатын төлемдер жергілікті бюджеттен бөлінуге тиіс.

"Сонымен қатар, медицина инфрақұрылымын дамыту – өте маңызды міндет. "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы бойынша 655 нысан салу жоспарланған еді. Іс жүзінде оның тек 85-і ашылған. Мұның бәрі жұмыстың тиімсіз жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Жобалық-сметалық құжаттар тым баяу әзірленді, құрылыс ұзаққа созылды немесе нысандардың құны қымбаттап кетті деген себептер айтылып жүр. Мұның қай-қайсысы да – құр сылтау. Басқа себебі жоқ деп ойлаймын. Қажет болса, министр де, әкім де кез келген мәселені шұғыл шеше алады. Демек, сондай ниет болмай тұр деген сөз", - деді Президент.

Сондай-ақ, "Жайлы мектеп" ұлттық жобасымен жаңа форматтағы 369 мектеп салу жоспарланған.

"Мұнда техникалық құжаттар дер кезінде әзірленбеген, жер де уақытылы бөлінбеген. Оған қоса, отандық өндірушілердің көбі жаңа мектептердің құрылысына қатыса алмайтынын айтып, шағымданып жүр. Үкіметке, әкімдерге және "Самұрық-Қазына" қорына ұлттық жобаларды жүзеге асыруға кедергі болып жатқан барлық мәселені дереу шешуді тапсырамын",- деді Мемлекет басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу