KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Балаларға арналған барлық дәрі-дәрмек тегін болады

25.07.2019, 10:00 203

2020 жылдан бастап балаларға арналған барлық дәрі-дәрмек әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен тегін болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

– Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап біз медициналық сақтандыру есебінен балаларға рецепт арқылы берілетін барлық дәрі-дәрмектерді тегін беруді жоспарлап отырмыз. Бұдан әрі біз халықтың әлеуметтік осал топтары арасында тегін дәрі-дәрмек алушылардың спектрін кеңейтетін боламыз, – деді Е.Біртанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 300 миллиард теңгеге жуық рецептуралық дәрі-дәрмектің ортақ нарығы бар. Бұған дейін осының үштен бір бөлігі ғана мемлекет есебінен жабылған екен.

– Біз осыған жету үшін ұзақ уақыт еңбектендік. Жылдан жылға қаржыландыруды арттырдық. Енді міне, медициналық сақтандыру шарты бойынша бұл мәселені түпкілікті шеше алдық, – деп түйіндеді Министр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу