«Ауыл Аманаты»: ШҚО-ға 7 млрд теңге бөлінеді
Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатанды жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл Аманаты» бағдарламасының тиімді тұсы көп. Өткен жылы бұл жобаға 1,5 млрд теңге бөлініп 94 жоба жүзеге асқан.
Ал билы ««Ауыл Аманаты» бағдарламасына 7 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл бағдарламаның мақсаты – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Осы бағдарлама аясында ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады.
Несие алу шартты да тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшері өте төмен. Несиенің мерзімі 5 жыл, ал мал шаруашылық саласында болса 7 жылға дейін. Номиналдық сыйақы мөлшерлемесі – 2,5%.