KZ
Өскемен
-3°
небольшой снегопад жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Ауыл аманаты: несие кімдерге беріледі?

Фото: egemen.kz

13.07.2023, 19:21 344

Биыл ірі жобаларды қолдауға 100 млрд теңге қаржы бөлінді.

Шаруаларды қолдауға арналған қаржы бағдарламалары туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Рүстем Құрманов ақпарат берді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Биыл ауыл шарушылығын қолдауға бөлінген 450 млрд теңгеден бөлек, қосымша ірі жобаларды қолдауға бағытталып 100 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 65 сүт фермасын құру бар. Қолдау аясында фермерлердің 2,5% кредитті 10 жылға алу мүмкіндігі бар. Одан бөлек, «Ауыл аманаты» атты шағын несие бағдарламасы іске қосылған. Оған да 100 млрд теңге бөлінді. Мақсат – ауыл тұрғындарының табысын арттыру, – деді Рүстем Құрманов Ақмола облысында өтіп жатқан «Jańa Dala» мамандандырылған көрмесінде.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, ауыл шаруашылығы – экономиканың локомотиві.

– Ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы өндірушілер мен шаруалардың заман сұранысына бейімделіп, оған сай жұмыс істей алуына байланысты. Ол дегеніміз – цифрландыру, заманауи технологияға көшу және трансформация. Біздің министрлік бизнес ортамен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. Сол сияқты отандық ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекелестігін арттыру бағытында бірлесіп әрекет етуге дайынбыз, – дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу