KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

ШҚО аграршылары «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында трактор паркін жаңартуда

23.01.2024, 17:14 109

«Ертіс» ӘКК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыруға 1,5 млрд теңге бөлініп, 200-ден астам жоба аккредиттелген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өткендей, ауылды дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау маңызды. Осы орайда «Ауыл аманаты» бағдарламасы алғаш рет еліміздің шығысында жүзеге асырылды. Жолдауда айтылғандай, «оны дамытудың келесі кезеңі тек жеңілдікті несие беру ғана емес, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясын ынталандыру болуы тиіс», - деп атап өтті «Ертіс» ӘКК» АҚ жанындағы департамент директоры Жанболат Серғазин.

Жеке қосалқы шаруашылықтар кооперациясының жарқын мысалдарының бірі ретінде «Опытное поле» ауылшаруашылық өндірістік кооперативін атауға болады. Аталған кәсіпорын бүгінде несие қаражатына қажетті техникаларын сатып алды.


Нысан 2023 жылдың күзінде «Ертіс» ӘКК» АҚ арқылы 5 жылға жылына жеңілдетілген 2,5%-бен  24,5 млн теңге көлемінде несие алды.

Айта кетейік, сонымен қатар кооперативтер мемлекеттен субсидия да ала алады, оған «Опытное поле» АӨК өтінім беріп те қойды.

«Аграршылар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қаржыландыруды және өтінімдер қабылдауды асыға күтуде», - деп толықтырды Жанболат Серғазин.


                                                                  Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу