Отандастырымыз Азия чемпионатында үздік өнер көрсетті
Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында бірнеше жаттығу бойынша финалдық сайыстар өтті.
Отандастарымыз Нариман Құрбанов пен Милад Карими – Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі ҚР Спорт комитеті ақпаратына сүйеніп.
Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда алтыннан алқа тағынды. Осылайша екі дүркін Азия чемпионы атанды. Былтыр Сингапурда өткен Азия чемпионатында да Нариманға тең келер ешкім болмады.
Милад Карими спорттық мансабында алғаш рет керме жаттығуы бойынша чемпион атанды. Бұл отандасымыздың сары құрлық чемпионатындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығуда күміс жүлде иеленген болатын.


