Элина Михина Азия чемпионы атанды
Фото: kazsports.kz
Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Элина Михина чемпион атанды.
Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық спортшы топ жарды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде Элина Михина Азия чемпионы атанды. 28 жастағы спортшы бұл қашықтықты 54.07 секундта жүгіріп өтті.
Айта кетсек, қазір Қазақстанның қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.
Оқи отырыңыз