KZ
Өскемен
+1°
туман жел 1 м/с, С
480.61 534.53 5.28

Отандасымыз Әлем кубогында алтын алды

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

28.01.2024, 18:12 169 Мадина Амангелдіқызы

Стенд атудан Каирде  өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде "Трап" бағдарламасы бойынша сынға түскен Мария Дмитренко алтынға қол жеткізді.


Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.


Ақтық сайыста 35 жастағы отандасымыз Токио Олимпиадасының чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы Фатима Галвез және Токио Олимпиадасының екі мәрте жүлдегері Алессандра Периллиден басым түскен.


Отандасымыз бұған дейін Әлем кубогында бір алтын (2023), екі күміс (2021, 2023), үш қола (2021, 2022) медаль жеңіп алған.


Айта кетейік, Египетте ұйымдастырылған турнирде әлемнің 65 елінен 700 сұрмерген бақ сынауда. Жарыс 1 ақпанға дейін жалғасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив