Шетелдік байқаушылар референдум жайында не дейді?
ortcom.kz
Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі миссиясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары қатысуда, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) миссиясының байқаушылары Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясы барысында олар аралаған учаскелерде барлық қажетті ақпарат ұсынылғанын, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасалғанын атап өтті.
АӨСШК бас хатшысының орынбасары Чжан Лин азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын және учаскелік комиссиялардың қызметкерлері кәсіби деңгейдегі даярлығын атап өтті.
Ал Түркі мемлекеттерінің ұйымы миссиясы құрамында 11 байқаушы – хатшылықтың, парламенттердің, ТМҰ мүшелерінің, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ТМҰ-ға мүше елдердің ғылыми топтарының өкілдері бар.
Миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров атап өткендей, референдум учаскелері ашылған сәттен бастап осы уақытқа дейін Миссия Астана қаласында кездейсоқ таңдалған 17 учаскеде бақылау жүргізді.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Миссиясында 13 бақылаушы – сайлау, заң шығарушы органдардың өкілдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің дипломатиялық қызметкерлері аккредиттелген.
Миссия басшысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары Олег Копыловтың айтуынша, референдум процесін бақылау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, толық ақпарат берілген, ешқандай шағымдар жоқ.
Өз кезегінде Ресей Федерациясының ОСК мүшесі Антон Лопатин таңертең сайлаушылардың белсенділігі байқалғанын атап өтті, бұл да өтіп жатқан референдумның ашықтығы мен заңдылығын көрсетеді.