KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, З
524.66 550.21 5.09

ШҚО-да АЭС салу сұрағы бойынша дауыс беру аяқталды

6.10.2024, 20:10 171 Төлеуғазы Жансая

Астана уақытымен сағат 20:00 де Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша референдум шеңберінде дауыс беру аяқталды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осылайша, еліміздің барлық өңірлерінде 10 мыңнан астам дауыс беру учаскелері бір сәтте жұмысын тоқтатты. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бюллетеньдерді санау үстінде.
Еске салайық, Қазақстанда таңғы сағат 07.00-ден бастап референдумда дауыс беру рәсімі басталған болатын. Айта кетерлігі, республика бойынша дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны 12 244 683 деп тіркелген. Шығыс Қазақстан облысында барлығы бір облыстық, екі қалалық, 11 аудандық, 538 учаскелік референдум комиссиясы құрылып, өз жұмысын атқарды. Дауыс берудің аяқталуы Өскемен қаласы №7 мектептегі №96 учаскесінде де 20:00-де ресми жарияланды. Аталған дауыс беру учаскесі комиссиясының хатшысы референдумға келушілер белсенділік танытқанын атап өтті.

“Біздің референдум учаскесінде 1644 дауыс беруші тіркелген. Олардың 1251 келіп, өз таңдауын жасады. Бұл 76% құрайды. Жастар ғана емес, ата-әжелерімізде белсенділік танытты. Үй жағдайында  8 адам дауыс берді. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ”, - деді Айым Мәдениетова.

Еске сала кетейік, Дауыс беру аяқталған өңірлерде, сайлау комиссиясы дереу дауыстарды санауға кіріседі.

Қуаныш Рахметоллаұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу