KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Референдум-2024: Шығысқазақстандықтар алғашқы сағаттан-ақ белсенді

6.10.2024, 07:15 107 Ержан Әбіш

Бүгін таңғы 7:00-де Қазақстанның барлық өңірлерінде атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша референдумға арналған дауыс беру учаскелері ашылды. Шығыс Қазақстан облысында алғашқы сағаттардан бастап тұрғындар ел үшін маңызды мәселеге азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында белсенділік танытып, сайлау учаскелеріне келуде, олардың саны облыс бойынша 538, - деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Өңір тұрғындары еліміздің энергетикасы мен экологиясына ықпал ететін шешімдерге қатысуға дайын екендіктерін көрсетуде. Атом электр станцияларын салу мәселесі қоғамда ұзақ уақыт бойы қызу талқыланып келеді, ал бұл референдум сол талқылаудың маңызды кезеңіне айналды.

Бақылаушылардың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары референдумның маңыздылығын түсініп, жоғары жауапкершілікпен қатысып жатыр. Жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдар сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарды өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруға шақыруда. 

Өңірлік сайлау комиссиясының мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында барлығы бір облыстық, екі қалалық, 11 аудандық, 538 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істейді. Оларда 3844 мүше бар, 98-і аумақтық, ал 3746-сы учаскелік комиссияларда қызмет етеді.
Кейбір учаскелер өз жұмысын таңғы 6.00-де бастайды. Бұл көптеген кәсіпорындардың ауысымдық жұмыс кестесіне және әскери бөлімшелерінде қызмет ету ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай учаскелер елімізде – 84. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады, ал еліміз бойынша және шет елдерде 10 325 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Референдум қорытындысы Қазақстанның энергетикалық саясатының болашағын және атом электр станцияларының құрылысына қатысты шешімді айқындайтын маңызды фактор болмақ.

Айта кететіндігі, дауыс беру кезінде ерекше шарттарды қажет ететін мүгедектігі бар мәлімет нақтыланды – барлығы 2160 адам. 525 учаске бірінші қабатта орналасқан, 492-сі пандустармен. Дауыс беру күні инватакси мәселесі де шешілді. Облыс орталығында 10, қалған елді мекендерде 6 машина іске қосылған.

Еске салсақ, дауыс беру учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жансая Төлеуғазы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу