KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Дефолт пен азық-түлік тапшылығы болада деген ақпарат тарады. Фейк пе?

12.03.2022, 20:08 171

WhatsApp-та Қазақстанда дефолт және азық-түлік тапшылығы болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Автор адамдарды тез арада жылжымайтын мүлік сатып алуға, қолда бар ақшаны валютаға айырбастауға, сондай-ақ, тез бұзылмайтын өнімдерді сатып алып, қор жасап алуға шақырады. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп StopFake.kz сайты. 
"Еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігі, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы құрылымдарының үздіксіз жұмысы мәселесі тұрақты бақыланады. Жедел деректер бойынша, республикада барлығы 1,5 миллион тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) қоры бар, оның ішінде ұн - 145,1 мың тонна, қант - 47,6 мың тонна, күріш - 40,2 мың тонна, макарон - 21,3 мың тонна және 1 млн тонна көкөніс өнімдері және басқалары", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, елдегі азық-түлік қоры үнемі толықтырылып отырады. Ұн өндіру үшін жарма мен астық жеткілікті, ал мал басы ет өнімдерін өндіруге жеткілікті.

"Республика өз өндірісі есебінен ішкі астық нарығындағы қажеттілікті толық көлемде қамтамасыз ете алады", - деп хабарлады АШМ.

Ведомство өкілдері Қазақстанда АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспары іске асырылып жатқанын еске салды, оның аясында импортты алмастыру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда дефолтқа алғышарттар жоқ. Standard&Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB-/А-3" деңгейінде растады, болжам "тұрақты". Агенттік деректеріне сәйкес, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және Қазақстанда бұл мұнай мен газ экспортының негізгі нарықтарына қол жеткізуде іркілістерге әкелмейді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив