KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.61 534.53 5.28

Қасым Қайсенов кентінде су құбыры жөнделіп жатыр

Фото: alashainasy.kz

30.09.2023, 15:17 242 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат 13:00-де Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентіндегі суық сумен жабдықтау желісінде құбыр жарылды. 
Салдарынан кенттегі 7 мыңға жуық абонент,  32 көппәтерлі үй, 4 білім беру мекемесі мен 65 заңды мекеме  сусыз қалған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ұлан ауданының әкімдігі мен ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, құбырдың жарылуына байланыс желілерінің тозуы себеп болып отыр. 
Апатты жою бойынша жұмыстар жедел түрде қолға алынып, тұрғындарға ауыз су жеткізілуде. 
Қазіргі уақытта апат орнында «Молодежный» КМК-ның 12 қызметкерінен құрылған бригада мен 3 техника жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив