Қайсенов кентінде «жарылыс» болады
сурет ашық дереккөзден
Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінің аумағында жарылыс жұмыстары жүргізіледі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері тыныштық сақтауға шақырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«18 наурыз күні сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінің аумағында орналасқан Молодежный карьерінде жарылыс жұмыстары жүргізіледі», - деп мәлімдеді «Kaz Explo Service» ЖШС.