Қасым Қайсенов кентінде жарылған су құбыры жөнделді
Кеше Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінде сумен жабдықтау желісінде құбыр жарылып, 7 мыңға жуық абонент сусыз қалды. Оның ішінде 32 көппәтерлі үй, 4 білім беру мекемесі мен 64 заңды мекеме бар.
Жағдай аудан әкімдігінің бақылауына алынып, апатты жою және тұрғындарға су жеткізу бойынша жұмыстар жедел түрде жүргізілді. Бүгін таңертең жұмыстар аяқталды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Құбырды жөндеу жұмыстарына «Молодежный» КМК-ның 12 қызметкерінен құрылған бригада мен 5 техника жұмылдырылған болатын. Таңғы сағат 06.00-де жұмыстар аяқталды. Қазір сумен жабдықтау қалпына келтіріліп жатыр.
Оқи отырыңыз