KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 1,7 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Ерекше балаларды ерте қолдау қызметінің кабинеті ашылды – ШҚО

1.06.2024, 13:21 248 Қызырбек Дүргінбайұлы

Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларды ерте қолдау қызметінің кабинеті ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ерекше балаларға жан-жақты қолдау көрсететін орталық шуақты мерекеге орай жаңа ғимаратқа көшіп, өз мүмкіндігінің аясын кеңейтті. Аталмыш орталық енді 200-ге жуық баланы емін-еркін қабылдай алады.

Бұл еліміздегі 217-ші ерте қолдау қызметінің кабинеті болғанын айта кетейік.

– Бұл кабинет қызметінің арнайы білім беру жүйесі үшін маңызы зор. Өкінішке орай, елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар саны артып келеді. Бүгінде 203 мыңнан астам бала ресми түрде тіркелген. Бұл балалар психологиялық, медициналық, педагогикалық тексерістен өткен балалар. Сондықтан оларға қолдау көрсету маңызды. Өскемен қаласында ерте қолдау қызметі кабинетінің ашылуы Шығыс өңірде бұл бағыттағы жұмыстың дұрыс жолға қойылғанын көрсетеді, – деді Оқу ағарту министрілігінің «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының» директоры Айгүл Байтұрсынова.

Балаларға шексіз мүмкіндік сыйлауға бағытталған кабинет «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы шеңберінде «Шеврон» компаниясының және «Дара» қорының қолдауымен ашылды. Ерте қолдау қызметі кабинетінде 0-3 жас аралығындағы балаларға және олардың отбастарына сапалы қызмет көрсету көзделген.

– Егер бала қатарластарына қарағанда моториканы баяу игерсе, сөйлеуді дамытуда артта қалса, агрессия көрсетсе немесе үнемі жыласа, ұйқысы мен тәбеті бұзылса ата-аналар осы орталыққа жүгінгені дұрыс. Біз арнайы тексерістен өтіп, жолдамамен келген кез келген балаға көмектесуге дайынбыз, – дейді дефектолог Раушан Ермекқызы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив