KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Өскеменде ерекше балаларға көмек көрсететін орталық ашылды

31.05.2024, 17:01 342 Ынтымақ Толқын

Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-медициналық және педагогикалық консультациялық орталық ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ашылған бұл орталық ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі функцияларды атқарады.

– Өскеменде енді консультациялық орталық екеу болды. Ерекше қажеттілігі бар балалар арнайы мектептерге, балабақшаларға немесе оңалту орталықтарына бару үшін  осындай орталықтардан тексеруден өтуге тиіс. Комиссия мүшелері балаға арнайы ұсыныс бергеннен кейін ғана инклюзивті білім беру мекемелеріне кезекке тұруға болады. Қаламызда мұндай көмекті қажет ететін балалардың саны көп. Бұл мекемені ашудағы басты мақсат та сол кезекті азайту, – дейді «Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация» КММ меңгерушісі Күмісай Абылайхан.

Мұндай орталық Алтай және Шемонаиха аудандарында да жұмыс істейтінін айта кетейік. Жалпы бүгінде өңірде 11 мыңнан астам ерекше бала бар. Ал Өскемен қаласы бойынша 700-ден астам бала консультация алуға кезекте тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу