KZ
Өскемен
небольшой снег жел 7 м/с, ОБ
527.58 546.15 5.29

Аймағамбетов: Баланы 5 жаста мектепке беру ерте

Фото: khabar.kz

8.07.2023, 11:37 352 Оразай Жеңісұлы

Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстандағы білім сапасы мен баланы мектепке беру жасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 


"Менің ойымша, 5 жаста балаларды мектепке беру ерте. Әр баланың дамуы әртүрлі болады. Ерекше білімді қажет ететін балалар да бар. Оларды мектепке 8-9 жасында беруге болады. Заңда солай жазылған, өйткені оларға арналған білім бағдарламасы бөлек. Негізінен, баланы мектепке 6 жастан бастап беруге болады деп ойлаймын, ал 5 жас ерте", – деді Асхат Аймағамбетов. 


Экс-министр елдегі білім сапасы бәсекеге қабілетті екенін атап өтті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу