Найзағай, жел, жаңбыр. 9 қыркүйекке ауа-райы болжамы
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр болуы ықтимал.
Облыстың батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жауады.
Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
- Халыққа сақтық шараларын сақтау қажет. Найзағай, әдетте, қатты желмен бірге жүреді, сондықтан тұрғындар мүмкіндігінше үйде болуы керек. Көшеде жүргенде биік ағаштардың астында және қоғамдық көлік аялдамаларында найзағайдан жасыруға болмайды. Автокөліктерді жарнама қалқандардың жанында, әлсіз бекітілген құрылымдарда, ағаштардың астында тұраққа қоймаңыздар. ТЖ туындаған жағдайда «112» қоңырау шалыңыз, - деп хабарлайды төтеншеліктер.