KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
505.53 593.44 6.34

Қазақстанда биыл 11 мың шақырымнан астам жол салынып, жөнделеді

Кеше, 14:00 78 Базарова Айгүл

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында елімізде автожол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. 2026 жылы жол-құрылыс жұмыстары барлық бағытты қамтып, шамамен 11 мың шақырым автомобиль жолында жүргізіледі. Бұл туралы ҚР көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жоспарға сәйкес, оның 2,3 мың шақырымы — құрылыс және реконструкциялау, 5 мың шақырымы — күрделі және орташа жөндеу, ал 4 мың шақырымы — жергілікті маңызы бар жол желісін дамыту жобаларына тиесілі.

Туристік әлеуеті жоғары бағыттарға ерекше көңіл бөлінеді. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы Рахман қайнарларына апаратын жолды жақсарту жұмыстары жалғасады. Бұл өңірдің туристік қолжетімділігін арттырып, ішкі туризмнің дамуына серпін бермек.

Сонымен қатар, автожол саласында заманауи цифрлық шешімдер енгізілуде. Қазіргі таңда ел аумағында 71 автоматтандырылған өлшеу стансасы жұмыс істейді. Алдағы уақытта олардың санын 220-ға дейін арттыру жоспарланып отыр. Бұл шаралар жолдардың сапасын сақтауға және қозғалыс қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған.

Жалпы, 2026 жылға жоспарланған жобалар өңірлер арасындағы көлік байланысын нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етпек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу