KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Өскемен қаласының әкімі ардагерлерді Жаңа жылмен құттықтады

2.01.2026, 18:00 167 Базарова Айгүл

Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қала басшысы құттықтауында бұл жандардың ел үшін ең ауыр кезеңде аянбай еңбек етіп, Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқанын атап өтті. Майдандағы ерлік пен тылдағы табандылық — бүгінгі бейбіт өмірдің басты құндылығы екені ерекше айтылды.

– Ардагерлерімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілеймін. Сіздердің ерліктеріңіз бен еңбектеріңіз әрдайым ел жадында, – деді Алмат Ақышов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу