KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
512.83 600.58 6.36

Шығыс Қазақстанда тұман мен қатты жел күтіледі

4.01.2026, 10:00 131 Базарова Айгүл

«Қазгидромет» Шығыс Қазақстан филиалының мәліметіне сәйкес, 4 қаңтар күні облыстың солтүстік, оңтүстік және орталық өңірлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жел шығыстан және оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында оның екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Осыған байланысты ШҚО ТЖД тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады. Автокөлік жүргізушілеріне жолда мұқият болып, жылдамдық режимін сақтау, ал жаяу жүргіншілерге тайғақ және көріну деңгейі төмен жағдайларда жарақат алу қаупін азайту үшін барынша абай болу ұсынылады.

Қатты жел кезінде ескі және жеке тұрған ағаштардан, сондай-ақ бос тұрған нысандар мен электр сымдарынан алыс жүрген жөн. Мұндай аумақтарда көліктерді тоқтатпау қажет.

Дауылды ескертулер туралы жедел ақпаратты «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы алуға болады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» нөміріне хабарласу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу