KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

Скринингке шақырған болып, СМС код сұраушылар көбейді – Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді

Фото: pexels.com

23.07.2025, 10:00 154 Айдос Мырзахметов

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды абай болуға шақырып, скринингтік тексеруден өтуге қатысты жаңа алаяқтық әдістердің көбейгенін айтты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, белгісіз біреулер медициналық ұйымдардың атынан хабарласып немесе СМС арқылы хабарлама жіберіп, азаматтарды скринингтен өтуге жазылуға үгіттейді. Осы сылтаумен олар телефонға келген СМС-кодты сұратады.

Ресми мекеме бұл әрекетті толықтай заңсыз деп атап отыр. Емханалар мен ауруханалар ешқашан мұндай кодты талап етпейді.

Себебі бұл кодтар көбінесе электронды жүйеге кіру, банк операцияларын растау немесе жеке ақпаратқа жол ашу үшін пайдаланылады. Сондықтан бұл мәліметті үшінші тұлғаларға беруге қатаң тыйым салынады.

Министрлік тұрғындарды қырағылық танытып, жеке деректерді қорғауға шақырып отыр. Алаяқтардың құрбаны болмау – әр азаматтың өз қауіпсіздігіне деген жауапкершілігі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу