KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 4 м/с, ОШ
503.35 590.63 6.62

Қазақстандықтарға телефон алаяқтарының жаңа айла-тәсілдері туралы ескерту жасалды

miniseries / Getty Images

29.04.2025, 13:00 396 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда емханалар, коммуналдық қызметтер және жеткізу компанияларының атынан жасалатын телефон алаяқтығының жаңа толқыны тіркелді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі "Мемлекеттік техникалық қызмет" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28 сәуірдегі мәліметке сәйкес, мамандар қылмыскерлер қолданатын бірқатар алаяқтық схемаларды тіркеп, талдады. Алаяқтар ресми ұйымдардың атын жамылып, азаматтардың жеке деректері мен мемлекеттік сервистердегі аккаунттарына қол жеткізуге тырысады.

Емхана атынан қоңырау шалу

Алаяқтар өздерін медициналық мекеме қызметкерлері ретінде таныстырады. Олар "енді қабылдаулар мен жедел жәрдем шақырулары медициналық декларация нөмірі арқылы жүргізіледі" деп, азаматтан бір реттік код сұрайды. Бұл код арқылы олар DamuMed немесе eGov сияқты платформаларға азаматтың жеке кабинеті арқылы кіреді.

Коммуналдық қызметтерден хабарласу.

"Электр есептегіштерін ауыстыру" деген сылтаумен өздерін энергетика немесе су кәсіпорындарының қызметкерлері ретінде таныстырады. Қолданушыларға SMS арқылы жіберілген кодты сұрайды, осылайша цифрлық қызметтерге заңсыз қол жеткізуге әрекет етеді.

Мемлекеттік органдардан тапсырыс хаты туралы хабарлама.

Алаяқтар "Қазпошта" немесе курьерлік қызмет атынан хабарласып, салық органдарынан немесе ХҚКО-дан "тапсырыс хат бар" деп сендіреді. Олар SMS арқылы код жіберіп немесе сілтемеге өтуге шақырады — мұның бәрі деректерді ұрлау немесе зиянды бағдарлама орнату мақсатына бағытталған.

Мамандардың ескертуі:

  • Ешқашан SMS-хабарламадан алынған растау кодтарын басқа адамдарға бермеңіз, тіпті олар өздерін мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырса да.
  • Телефон арқылы ЖСН және басқа жеке мәліметтерді жарияламаңыз.
  • Бейтаныс сілтемелерге өтпеңіз.
  • Күмәнді қоңырау алсаңыз, әңгімені тоқтатып, ресми нөмірлер арқылы қайта байланыс орнатыңыз.
  • Барлық күмәнді жағдайлар туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

"Мемлекеттік техникалық қызмет" мамандары атап өткендей, ешбір мемлекеттік немесе ресми мекеме телефон арқылы SMS кодтарын немесе сілтемелер арқылы растауды талап етпейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу