KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО ПД қазақстандықтарға алаяқтардан сақ болуға шақырады

30.10.2024, 14:30 104 Төлеуғазы Жансая

ШҚО Полиция департаменті ел аумағында алаяқтық әрекеттердің жиілеп кеткенін хабарлайды. Қаскүнемдер мемлекеттік орган қызметкері ретінде танысып, азаматтардың жеке деректерін алуға немесе жалған айыппұлдарды төлеуді талап етуге тырысуда. Шығыс Қазақстанда әзірге мұндай жағдайлар тіркелмегенімен, кейбір алаяқтар азаматтардың жеке кабинеттерін бұзуға әрекет жасаған.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық фактілері тіркелмеді, алайда қаскүнемдер азаматтардың жеке кабинеттерін бұзу әрекеттерін жасаған. Сондықтан азаматтарды сақ болуға және қандай жағдайда да өз деректерін, оның ішінде СМС-кодтар мен сілтемелерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырамыз, дейді ШҚО Полиция департаменті.

Егер Сізге күмәнді қоңырау немесе хабарлама келсе, шұғыл түрде eGov.kz сайтына немесе 1414 байланыс орталығына хабарласу арқылы ақпаратты тексеру ұсынылады. Алаяқтардың арбауына түспес үшін жеке мәліметтеріңізді мұқият қорғаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив