KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1,2 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда скринингтен өту үшін бес күн қосымша демалыс беріледі

8.11.2019, 06:05 202

Қазақстандықтарға болашақта скринингтік тексеруден өту үшін жұмыста бес күн демалыс берілетін болды. Бұл әлеуметтік демалыстың ақысы төленеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

Жұмыс беруші демалыс беруден бас тартса, оған айыппұл салынады екен. Жаңа норма "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс жобасында жазылған.

"Барлық азаматтың тегін скринингтен өтуге құқығы бар. Жұмыс берушілер өз қызметкерлеріне ақысы төленетін демалыс беруге міндеттеледі. Демалыс беруден бас тартса, онда жұмыс берушіге айыппұл салынады", - дейді министр.

Сонымен қатар, әлеуметтік демалыс еңбек демалысынан бөлек беріледі.

Әлеуметтік демалыс берімеген жағдайда еңбек және денсаулық сақтау министрліктеріндегі құзырлы органдарға шағымдануға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу