Modern Nomads: Euronews Шығыстың шырайлы өлкесі - Катонқарағайды көрсетті
Катон-Карагай в Казахстане: где природа и человек живут в гармонии | Евронью́с
Euronews арнасында Modern Nomads жобасының жаңа шығарылымы жарық көрді. Бұл жолы бағдарлама Катонқарағай өлкесіне арналды. Тілші Қазақстанның шығыстағы ең шеткі нүктесіне барып, көрермендерге табиғат пен тарихтың және қазіргі өмір салтының тоғысқан бейнесін көрсетті.
Көрермендер Алтайдың маңғаз Мұзтауын, сирек жануарларын, шипалы Рахман қайнарын, сондай-ақ Көккөл сарқырамасын тамашалады. Бағдарлама барысында қонақжайлық көрсеткен Өрел мен Коробиха ауылдары тұрғындарының тұрмысында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың үндесуіне назар аударылды. Сонымен қатар, экотуризмнің даму барысы көрсетіліп, жыл сайын бұл өлкеге келетін туристер қатарының артып отырғандығы айтылды.
Euronews ондаған тілде хабар таратады және үлкен аудиторияға ие. Сондықтан аймақтың халықаралық арнада көрсетілуі Қазақстандағы экотуризмді дамытуға бағыталған маңызды қадам болмақ.


