KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Әлемде пандемияның жаңа толқыны басталды

25.06.2020, 08:39 184

Әлемде коронавирус пандемиясының жаңа толқыны басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Euronews ақпараты бойынша, Австралияда соңғы аптада 150 науқас тіркелген. Ал Бразилияда вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, миллион адамнан асып кеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Америка елдеріндегі эпидемиологиялық жағдайды әлемдегі ең ауыр жағдайдың бірі деген пікірге келіп отыр.

АҚШ-тағы жағдай да осыған ұқсас, мұнда да науқастар саны арта түсуде.

Чилиде бәр тәулікте коронавирусты жұқтырудың 3649 жағдайы тірркеліп, 226 науқас вирустан көз жұмған. Мексикада - 6288 жағдай, өлім-жітім саны - 793, Боливияда - 896 жағдай, 26 адам көз жұмды, Гватемалада-771 және 35, Гондураста  -587 және 10.

Сарапшылар енді Еуропада коронавирустың екінші толқынының таралу қауіпі жоғары екенін ескертеді. Мысалы, Германияда соңғы тәулікте вирус жұқтырған 587 адам тіркелді, Италияда – 122.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив