KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
495.1 583.72 6.46

«Едіге би» жырының қолжазбасы жарыққа шықты

3.10.2025, 08:30 177 Төлеуғазы Жансая

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары қазақ халқының құнды мұраларының бірі – «Едіге би» жырының ең көне қолжазбасын цифрлы форматқа көшіріп, факсимиле нұсқасын жарыққа шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Едіге би» жырына арналған қолжазба  шамамен XV ғасырда белгісіз автор тарапынан жазылған. Аталған жырдың алғашқы нұсқаларын XIX ғасырдың басында қазақ ғалымы, шығыстанушы және фольклорист Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы  көшіріп жазып, сол арқылы  бұрын жоғалып кеткен нұсқаларды қайта қалпына келтірген болатын.  

Кейіннен бұл нұсқа Шоқан Уәлиханов тарапынан толықтырылып, өңделіп, 1842 жылы Ахмет есімді кісінің қолымен біріккен нұсқа ретінде көшірілген.

Аталған жыр түркі тілдеріне тән емес көне тіркестер мен сөзқолданыстарымен ерекшеленеді, бұл оның көне дәуірлерден қалған поэма екенін айғақтайды.

Айта кетейік, бұл жыр алғаш рет 1905 жылы Санкт-Петербургте профессор П.М. Мелиоранскийдің редакциясымен «Едіге мен Тоқтамыш туралы аңыз» деген атпен жарық көрген.



Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу